Қазақстанда жаңа жел электр станциясы салынады

0 1

Қазақстанда 60 млн доллар инвестицияланған жаңа жел электр станциясы салынады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Облыс әкімдігінен түсіндіріп кеткендей, Форт-Шевченко маңындағы жел электр станциясын салу бойынша жобаны іске асыру үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Инвесторлар қуаты 2,5 кВт құрайтын 17 жел генераторларын орнатып, құрылыс кезеңінде 70 адам жұмыспен қамтуды жоспарлауда.

«Жел қондырғысының құрылысы «жасыл экономикаға» көшу, қоршаған ортаға зиян келтіретін инновациялық технологияларды жүзеге асыру болып табылады және бұл жоба электр энергиясының қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмектеседі. Түпқараған ауданында 375 гектар жердегі 42 МВт жел қондырғысының құрылысы басталады. Аталмыш жобаның құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айында құрылыс жұмыстары басталады», — деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

Бүгінде жер телімін рәсімдеу бойынша шаралар қабылданып, заңнама әзірленіп, келісілген құжаттамалар оң қорытындысын алды.

Сондай-ақ, жобаға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің орналасуы бойынша жоспар енгізілді, есеп айырысу және қаржы орталығымен сатып алу туралы келісімге қол қойылып «Маңғыстау электр желілерін бөлу компаниясы» АҚ-мен желілеріне қосылу туралы келісім жасалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.