Бурабайда IV Ұлттық құрылтай басталды

0 2

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың ресми парақшасында хабарланды.

— Екі күнге жалғасатын жиында құрылтай мүшелері ел дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын өзекті мәселелерді талқыға салады, — делінген хабарламада.

Іс-шараның бірінші күнінде өтетін секциялардың тақырыптары:

Азаматтық қоғам
Мәдениет. Өнер. Руханият
Білім және ғылым
Әлеуметтік-экономикалық даму.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысатыны мәлім болды.

Ұлттық құрылтай жанданғалы елдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелер шешім тауып келеді. Жыл өткен сайын тақырып аясы кеңіді, айтылатын салмақты ой ұлғайды. Алқалы жиында назарда болған кемшілікті түзету заң шеңберінде бекіп, қоғамның оң бағытқа бет алғанын байқаймыз. Осы орайда Kazinform тілшісі өткен құрылтайлардың нәтижесіне көз жүгіртті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.