Полиция қызметкерлері үш ер азаматтан 16 келі марихуана тәркіледі, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Көліктегі ІІД-нің қызметкерлері республикалық «Көкнәр-2018» жедел профилатикалық шарасын өткізу барысында Жамбыл облысы Қарасу станциясында үш азаматты тұтқындаған. Тексеріс барысында олардан 16 келі наркотикалық зат (кептірілмеген марихуана) табылып тәркіленген», — делінген хабарламада.
Тұтқындалған азаматтар өз айыптарын мойындаған.