Астана мен Жамбыл облысының әкімдігі әріптестік туралы меморандумға қол қойды

0 0

Бүгін Таразда елорданың 20 жылдығына арналған Жамбыл облысындағы Астана күндері аясында шаралар болып өтті. Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев бастаған делегация облыстағы бірнеше өндіріс объектілеріне барып қайтты, — деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Сондай-ақ, делегация гипс пен гипсокартон өндіретін «КазУпакТрейд» ЖШС мен минералды тыңайтқыштар өндіретін «Қазфосфат» ЖШС, қаладағы мәдени-тарихи мекемелерде болды.

Бұдан басқа, Е. Аманшаев бастаған делегация «Астана — Жамбыл облысының аймақаралық әріптестігі» дөңгелек үстеліне қатысып, сол арада іскер ортаның, даму институты мен мемлекеттік органның өкілдерімен өңіраралық кәсіпкерлерді қолдау бойынша бағдарламаны, инвестициялық мүмкіндікті, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасын,  SmartCity тұжырымдамасын, экономиканы цифрландырудағы инновациялық шешім, қызмет көрсету саласын дамыту, бизнестің дамуындағы цифрлық маркетингтің рөлі және т.б. мәселелерді талқылады.

Астана мен Жамбыл облысының әкімдігі әріптестік туралы меморандумға қол қойды

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша аймақаралық әріптестікті дамыту туралы келісім мен аймақтағы бәсекені арттыруға қол жеткізілді.

«Бүгінде біздің елорда жаһандық мәселелер шешілетін әлемдік алаңға айналды, ол — гуманитарлық, саяси, экономикалық. Сөз жоқ, бұл бірінші кезекте біздің Елбасының еңбегі. Биыл астананың 20 жылдығы шеңберінде еліміздің барлық өңірінде Астана күндері өтіп жатыр. Қайда барсақ та мерекенің жоғары деңгейде өтіп жатқандығы қуантады. Барлық облыста жаңа мекемелер, жаңа нысандар пайда болып, түрлі мәдени шаралар өткізілуде. 20 жылдық бізді біріктірген бүкілхалықтық мереке екендігін дәлелдеді. Жамбыл облысының қосқан үлесі зор, біздің ойымызша бүгінгі кездесу әрмен қарай өңір арасында әріптестікке түрткі болады деп ойлаймын», — деді Е. Аманшаев.

Астана мен Жамбыл облысының әкімдігі әріптестік туралы меморандумға қол қойды

«Астана қазіргі кезде инновациялық орталыққа айналған, кездесудің басты мақсаты — өңіраралық әріптестікті дамыту. Астананың түрлі жаңа технологияларды, инновация енгізген тәжірибесімен танысып шығып, оны өз аймағымызда пайдаланып көреміз», — деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов.

Сапар барысында тауар өндіру мен өңірді дамыту институттары арасындағы әріптестік туралы 7 меморандумға қол қойылды.

Сондай-ақ, өңіраралық әріптестікті дамыту бойынша әріптестік туралы меморандумда Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мен Астана қ. Инвестициялар және кәсіпкерлікті қолдау басқармасы арасында, Жамбыл облысы цифрландыру және жобалық басқару, инвесторларға қызмет көрсету орталығы мен «Астана Innovations» АҚ, «Тараз» ӘКК» ҰК» АҚ мен «Астана» ӘКК» ҰК» АҚ арасында, «Смартнет» ЖК тұрғын үй инспекциясы мен «Лед солюшн» ЖШС тұрғын үй инспекциясы бөлімі арасында және «Оргстрой» ЖШС мен «Астана Innovations» АҚ арасында өзара түсінісушілік пен әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.

Астана мен Жамбыл облысының әкімдігі әріптестік туралы меморандумға қол қойды

Leave A Reply

Your email address will not be published.