Алматы облысының Тарғап елді – мекенінен көлікке отырып, жоғалып кеткен балалар Шу ауданынан табылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Ағайынды Шахназар және Санжарды нағашы ағасы Тарғап елді мекеніндегі аялдамаға сағат 10:00 шамасында, Шуға жетіп аласыңдар деп тастап кеткен.
Елді-мекен тұрғындарының айтуынша, аялдамада қалған балалар сағат 12:00 шамасында «Ауди» маркалы қара түсті көлікке мініп кеткен. Алайда,балалар межелі уақытта үйге келмегендіктен ата-аналары оларға іздеу салыпты.
— «2007, 2010 жылғы туылған Шахназар және Санжар атты балалар Төле би ауылына жеткен соң бірден өз үйлеріне бармай, туыс ағайының үйіне барған. Сол жерден табылған,» — деді Шу аудандық ІІБ қызметкері Айдын Мәлікұлы.