Моңғолияның Баян Өлгей аймағында 25-26 шілде аралығында нөсер жаңбыр жауып, қар түсті.
Осы айдың соңында Моңғолияның басым бөлігінде нөсер жауын жауып, кей жерлерде бұршақ түсті. Осының барлығы да жергілікті тұрғындарға айтарлықтай шығын келтірді.
Мұндай құбылмалы ауа райы биыл бірінші рет болып отырған жоқ. 21 маусым күні Говь-Алтай аймағында да қар жауып, боран болған. Ұзақ уақыт жауған жаңбырдың салдарынан Моңғолияның Ховд, Буянт, Сагсай және Турган сияқты өзендерінің суы арнасынан асты.
Бұған қоса қазір синоптиктер бүкіл ел аумағында жақын күндері өткінші және нөсер жауын жауатынын айтты. Жауынның салдарынан шағын өзендерде су арнасынан асып, тасқын болуы да мүмкін. Осы себепті ата-аналарға балаларын жақын маңдағы өзен-көлдерге жібермеу жөнінде ескерту жасалды.
Дереккөз: ҚазАқпарат