Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану картасы жасалады

0 3

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов ауыл шаруашылығы саласының өкілдеріне табиғи ресурстарды пайдалану жұмыстарын оңтайландыруды тапсырды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі

«Мемлекет басшысы айтқандай, ауыл шаруашылығы саласы Қазақстан экономикасының қозғаушы күші бола алады. Осыған қарай қазір, өңірде егістік жерлерін барынша тиімді пайдалануға күш салынуда. Айналымға 12 мың гектар жаңа жер беру жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлерді пайдаланау картасы жуық арада қолға алынады. Жамбыл облысы инновациялық технологияларды қолдануда өзге өңірлерден қалып жатқан жоқ. Оның үстіне бос жатқан жерлер туралы мәліметтерді білуге болатын арнайы геопортал дайындалуда. Сонымен қатар пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет пайдасына алып қою бойынша сот процедуралары жүзеге асырылуда. Жамбылдық шаруалардың тәжірибесін елдің өзге де өлкелерінде пайдалану жоспарланып отыр. Өңірде тұқым өндіру жұмыстарын жолға қою қажет. Қазір бұл мәселе өте өткір тұр. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарын әркелкілендіру маңызды. Облыстың аудандарын аралау барысында өсімдік шаруашылығы саласында біршама кемшіліктер анықталды, оларды жою маңызды», — деді ауыл шаруашылығы ведомствосының басшысы Берік Нығмашев.

Айта кетейік, кәсіпкерлікті дамыту мен қайта өңдеуші агроөнеркәсіп кешендерінің карталары Қазақстан үшін пилоттық жоба және олар жуырда ғана Астанада таныстырылды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы жетекшісінің сөзінше, өңірде ылғал үнемдеу мен тамшылатып суару алқаптарын кеңейту бағыты басты назарда. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Шу өзенінің алқабы мен өзге де су көздері маңындағы жерлерді барынша кеңінен пайдалануды тапсырды. Әрбір жер бөлігін тиімді пайдалану үшін жаңа технологияларды пайдалану мен тиісті талдау жасау маңызды. Берік Нығмашевтің айтуынша, биылға жоспарланған барлық шаралар ішкі жалпы өнімнің көлемін арттыруға, жұмыс өнімділігін еселеп, агроөнеркәсіп кешенін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Өңірде шешімін күткен проблемалар бар.

Өңірде үстіміздегі жылы ауыл шаруашылығына 18,3 миллиард теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,9 миллиард теңгеге көп. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 11,1 миллиард теңгені құрап, 58 пайызға артты. Тамақ өнімдері өндірісіне салынған инвестиция 18,2 пайызға ұлғайып, 3,3 миллиард теңгені құрады.

Жүйеге қатысты шешімдерге келетін болсақ, ауыл шаруашылығы дақылдары 650 мың гектарға орналастырылды, бұл өткен жылдан 20 мың гектарға артық. Осының есебінен қант қызылшасы, майлы дақылдар, көкөніс-бақша, картоп және мал азығының алқабы ұлғайды.

Аймақты тұқыммен қамтамасыз ету мақсатында, 8 тұқым шаруашылығын ашу қажеттілігі анықталып, біреуі ашылды. Шаруашылықтарға талап күшейтілді.

Нақты межелерді қоюдың нәтижесінде, элиталық тұқым үлесі 6 пайыздан 11,3 пайызға жеткізілді. Тыңайтқыштарды қолданудың да межелері белгіленіп, өткен жылғы 17 пайыздан 20 пайызға жеткізілетін болады. Жалпы саладағы мәселелерді жүйелі шешу үшін арнайы карта жасалды. Онда бірінші кезекте, егістік алқабын көбейту қаралып отыр. Кезінде егін алқабы 992 мың гектар болса, бүгін 214 мың гектар жер айналымнан шығып кеткен. Енді осы жердің 175 мың гектарын қайтаруға болатыны анықталып, оның 13 мыңын биыл қайтаруды жоспарлап отырмыз. Картада кооперативтер мәселесі де қаралған. Қазіргі уақытта 44 кооператив, оның ішінде сүт бағытында – 25, ет бағытында – 12 және басқа бағыттарда 7 кооператив жұмыс істеуде.

Алдымен кооперативтерді ашудың принциптерін айқындадық. Оларды облыстағы қайта өңдеу кәсіпорындарына байладық.

Нәтижесінде, 8 сүт өңдейтін кәсіпорынға қосымша 32 сүт кооперативін ашу кажеттілігі анықталды. Сол сияқты, ет бағытында 25 кооператив керектігі белгілі болды. Биыл 20 сүт, 10 ет бағытындағы кооператив ашу жоспарланған, оған қаржы бар (1,0 млрд.теңге). Оларды ашқанда, кәсіпорындардың бүгіндегі 50 пайыздан аспайтын жүктелімдерін 80 пайызға жеткізуге болады. Биыл кооперативтер 5600 тонна сүт өндіріп, сүт өңдеуші кәсіпорындардың жүктелімі 10 пайызға артты. Картада техникалармен жабдықтау да карастырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.