Қазақстанда 400-ден астам студент білім депозиті арқылы оқуда

0 0

Елімізде 400-ден астам студент білім депозиті аясында оқып жатыр. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Қаржы орталығы» АҚ Білім беру қызметтеріне ақы төлеу жүйесін дамыту департаментінің менеджері Алпамыс Сатыбалдин мәлімдеді, — деп хабарлайды  «Zhambylnews» AA Baq.kz — ке сілтеме жасап.

 «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі жайында айтып кететін болсақ, ол 2013 жылы Елбасының бастамасымен «Білім беру жинақтау жүйесі туралы» заң қабылданған болатын. Осы заңға сәйкес халық арасында білім депозиті деген бағдарлама кеңінен танымал болып кетті. Аталған бағдарламаға сәйкес Қазақстанның кез-келген азаматы өзіне немесе өз баласына білім депозитін ашып, банктен алатын сыйақыдан бөлек мемлекеттен қосымша сыйақы алуына болады. Жинақталған қаржыны Қазақстанда болсын, шетелде болсын ЖОО-да білім алуына қоладнуына болады. Жалпы, бұл бағдарлама екінші деңгейлі банк арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда Халық банкі, Нұрбанк, Цеснабанк және ВТБ банк аталған бағдарламаның қатысушылары болып табылады. Яғни, кез-келген банк қатыса алмайды», – деген ол банктерге қойылатын заңның арнайы талаптары бар екенін айтты.

Банк сол заң талаптарына сәйкес келіп жатса ғана аталған бағдарламаға қатыса алады.

«Яғни, банктердің 12% дейінгі жылдық тиімді сыйақысының үстіне мемлекет жыл сайын 5% жылдық сыйақы қосып береді. Мұндай сыйақы әлеуметтік қорғалмаған топтар үшін 7% көлемінде қарастырылған», – деді департамент менеджері.

Оның айтуынша, Қазақстан жақын Азия мемлекеттерінің ішінде дәл осындай бағдарламаны енгізген алғашқы мемлекет болып отыр. Балама бағдарламаны қабылдаған әлемде тоғыз мемлекет бар көрінеді.

«Ол Бельгия, Канада секілді мемлекеттер. Бірақ, Қазақстанда мемлекет тарапынан берілетін сыйақы ең жоғарғы болып табылады. Бүгінгі таңда 19 мыңнан астам білім беру жинақтау салымы тіркеліп отыр. Сондай-ақ, 403 студент МББЖ аясында білім алып жатыр», – деді Сатыбалды Алпамыс.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.