Қазақстандықтардың жалақысы өсе бастады

0 0

2018 жылдың ІІ тоқсанында Қазақстандағы жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 162,7 мың теңгені құрады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA  Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Биылғы жылдың І тоқсанында орташа жалақы мөлшері 152,4 мың теңге болған еді. Дәл қазір бұл көрсеткіш 6,7% өсті. Бір жыл ішінде атаулы жалақы 8,5%, ал нақтысы 2,2% өсті.

2018 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша, тау-кен өндірісі мен карьерлер өңдеушілерінің, қаржы мен сақтандыру саласындағылардың жалақысы бәрінен жоғары екені анықталды. Аталған саладағы жалақының орташа мөлшері 358,5 мың және 335,2 мың теңгені құрады.

Ғылым мен техника саласындағылар орташа есеппен 273,2 мың, байланыс – 238,4 мың, өнеркәсіп саласындағылар 224,7 мың және құрылыстағылар 212,8 мың теңге көлемінде жалақы алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.