Жамбыл облысында «Protecting Business and Investments» жобасы жүзеге асырылуда

0 0

Инвесторларға барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған жоба туралы облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департамент басшысы Мақсұт Нәлібаев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі.

Департамент аталған жобаны Жамбыл облысы әкімдігінің Инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Жамбыл облысы бойынша өңірлік өкілдерімен бірлесіп жүзеге асыруда.

Аталған жоба инвесторларды мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресте қолдауды мақсат етеді.

Қазіргі таңда Агенттік облыс бойынша жалпы сомасы 360 млн. АҚШ долларын құрайтын шетелдік инвестициялық жобаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы  келісімдерге қол қойды.

Аталған жоба бизнес пен инвестицияны сыбайлас жемқорлықтан қорғауға бағытталған. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Protecting Business and Investments» жобасы еліміздің барлық аймақтарында осы жобаның фронт-кеңселері ашылды. Негізгі мақсат — сыбайлас жемқорлықты жоюдың озық механизмдерін қолдана отырып, бизнес саласына қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кәсіпкерлер мен инвесторларға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы келісімге қосылу арқылы жүзеге асырылатын болады, бір ғана шарт – адал бизнес жүргізу және сыбайлас жемқорлықтыңкез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын ұстану. Бұл жобаның басты жаңалығы – заңды түрде және кедергісіз бизнес жүргізу үшін Агенттіктің және министрліктердің бизнестің және инвесторлардың қызметін тұрақты сүйемелдеуі.

Сергей Сергеев, кәсіпкер:

— Біздің компания медициналық қалдықтарды жоюмен айналысады. Бұл мәселе қазіргі таңда өзекті. Компаниямыз жас. Кәсібімізді одан әрі дамыту жолында белгілі бір әкімшілік тосқауылдарға тап болдық. Бұл біздің аталмыш жобаға қосылуымыздың басты себебі. Менің ойымша, жас кәсіпкерлерге бұл жобаның тигізер көмегі зор.

Leave A Reply

Your email address will not be published.