Жамбыл облысында 173 елді мекенді газдандыру жоспарлануда

0 0

Жамбыл облысында 2018-2025 жылдары 173 елді мекенді газдандыру жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрбай Тлегенов облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі.

Жамбыл облысына табиғи газ екі магистралдық құбыр арқылы жеткізіледі. Оның бірі көрші Өзбекстаннан келетін Бұхара газ желісі болса, екіншісі- өзіміздің Амангелдіде өндіріледі. Сондықтан біздің аймаққа табиғи отынды жеткізуден ешқандай қиындық жоқ. Әйтсе де, жеке үйге газ торабын қосу қызметі өте қымбат.Мәселен, Шу ауданындағы Төле би ауылында келіп тұрған газды үйге кіргізу құны құрал-жабдықтарымен бірге 1 млн барады.

Қазіргі таңда газдандырылған елді мекендердің саны 354-ке жетіп, 94 пайыз деңгейінде қалыптасады.

— Мұндай игілікке Т.Рысқұлов ауданында – 19, Меркі ауданында – 7, Қордай ауданында – 17, Шу ауданында – 30, Мойынқұм ауданында – 12 және Сарысу ауданында 14 елді мекен қол жеткізеді. Оның ішінде Жуалы, Байзақ аудандарының тұрғындары мәселесі 2020 жылы толық шешімін табады деп күтілуде, — дейді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, Тараз қаласының тозығы жеткен жылу желілерін қайта жаңғырту мақсатында 2018 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 жобаға 1 786,5 млн.теңге бөлініп, 3,2 шақырым жылу желілерін ауыстыру жоспарланып отыр.

Жамбыл облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, өңір тұрғындары бүгінде Өзбекстан мемлекетінің Бұхара облысынан және жергілікті «Амангелді» газ кешені арқылы өндіріліп жатқан табиғи газды тұтынып келеді екен.

Ал соңғы он жылдың көлемінде өңірде 125 елді мекен газдандырылып, 582 мың 420 тұрғын көгілдір отынды пайдалануда. Аталған басқарманың басшысының айтуынша, 2019-2025 жылдарға арналған жоспар бойынша Жуалы ауданында – 19, Жамбыл ауданында – 16, Талас ауданында – 9 және Байзақ ауданында 18 елді мекенге газ құбыры тартылып, алдағы уақытта тұрғындар табиғи газдың игілігін көретін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.