Жамбыл облысында жаңа жәрдемақы енгізілді

0 0

Жамбыл облысында ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап бірінші топтағы азаматқа қарайтын адамдарға жаңа жәрдемақы енгізілді. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында өткен брифингте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Әлімқұл Тұрысов айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде атаулы әлеуметтік көмектің жаңа түрі енгізіледі. Яғни, аз қамтамасыз етілген азаматтар мен отбасыларға берілетін 3 түрлі мемлекеттік қолдау бұдан былай бір жәрдемақы арқылы берілетін болады. Сонымен бірге, атаулы әлеуметтік көмек көлемін алдағы жылдан бастап 25%-ға көбейту жоспарлануда.

Қазақстандықтарға 2014 жылдан бастап әлеуметтік көмек беудің жаңа бағыты қабылданып, осының негізінде Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облысында ақшалай көмек төлемдері бойынша «Өрлеу» ілкі жобасы енгізілген болатын.

«Өрлеу» жобасы Жамыл облысында 2014 жылы енгізілген болатын. Жоба бүгінге дейін өңірдегі қалалар мен барлық аудандарды қамтыды. Осы уақытқа дейін аталған жобаға 8000-нан астам адам, шамамен 1900-дей отбасы жұмысқа тартылды. Жалпы көрсеткішті тарқатып айтар болса, 2188 адам жұмыспен қамтылып, оның ішінде 1490 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды және 698 адам уақытша жұмыспен қамтылды.

Аталған бағдарлама ойынша жаңа жәрдемақының мөлшері 29 699 теңгені құрайды. Осыған сәйкес, 1 айдың көлемінде облыс бойынша төлемді 696 отбасы пайдаланды.

Бұл жәрдемақыны 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 14 мыңға жуық отбасы алады, ал оның көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,05 мөлшерін немесе 29 699 теңгені құрайды. Мемлекеттік жәрдемақы оларға өмір бойы төленеді. Маңыздысы — әйелдің мүгедек баласына күтім жасаған кезі зейнетке шыққанда еңбек өтіліне қосылады. Бұл мақсатқа 2,7 миллиард теңге қарастырылып отыр.

Айта кетсек, бүгінгі таңда бала кезден бірінші топтағы мүгедек адамдарға берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері — 54 306 теңге.

Сондай-ақ, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы тағайындау механизмі өзгертілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.