Жемқорлық жайлы ақпарат бергендер 12 миллион теңге сыйақы алды

0 0

Соңғы жарты жылда жемқорлық фактілері туралы ақпарат берген азаматтар 12 миллион теңге көлемінде сыйақы алды,-деп хабарлайды «ZhambylNews» AA 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді. Ол eGov сайтындағы сұрақ-жауап бөлімінде жемқорлықтың алдын алу бағытында қандай шаралар атқарылып жатқанын ашып айтқан.

Әсіресе қылмыс туралы ақпарат бергендер 30 бен 100 АЕК аралығында сыйақы ала алады екен. Ол үшін тиісті ақпарат  Ұлттық бюроға түсуі керек. Дәл осылай өткен жылы еліміздегі 226 адамға 30 миллион теңге көлемінде сыйақы берілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.