Жамбыл облысында зейнетақыны есептеу тәртібі өзгерді

0 8

Жамбыл облысында зейнетақыны есептеу тәртібі өзгерді. Бұл туралы «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі хабарлайды.

Облыс бойынша базалық зейнетақының орташа мөлшері 24 665 теңгені құрады. Жаңа жүйеге сәйкес, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындаған күні есепке алынады.

Айта кетерлігі, еңбек өтілі 10 жылға дейін немесе одан төмен болса, базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ын құрайды. Ал еңбек өтілі 10 жылдан астам болса әрбір жыл үшін 2% қосымша есептеледі.

Естеріңізге сала кетейік, 1997 жылы маусым айында ҚР «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы»  Заң  қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Сол жылы Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗҚ) құрылып, еліміздің зейнетақы жүйесін қалыптастыруда маңызды рөл ойнаған алғашқы жеке қорлар да ашыла бастады.

Азаматтардың жинақтарын  тиімді, қауіпсіз басқару мақсатында  2013 жылы МЖЗҚ-ның негізінде Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры құрылды (БЖЗҚ). Қазақстанның зейнетақы жүйесі ортақ, базалық және жинақтаушы бөліктерден тұрады. Бірлескен зейнетақы бұрынғыша екі көзден қаржыландырылып, мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы төленеді, ал БЖЗҚ-дан салымшылардың өз жинақтарынан төлем жасалады. Жүйені одан әрі жетілдіру «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін  одан әрі модернизациялау тұжырымдамасына» сай жүргізілуде. Осыған сай, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап жасы келуіне байланысты зейнеткерлерге тағайындалатын базалық зейнетақы көлемі барлығына бірдей емес:  ол еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы қорына қатысу мерзіміне байланысты.  Азаматтарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға ынталандыру үшін енгізілген бұл өзгеріс базалық зейнетақыны екі есе өсіруге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, зейнетақы жинақтарының сомасы мен есептелген инвестициялық табыстың сұралған кезең аралығындағы көрсеткіші ЖЗШ-дан үзінді-көшірмеде көрсетіледі.

Айта кетейік, үстіміздегі жылдың бiрiншi жартысында 58 жасқа толатын әйелдерге зейнетақы 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап 58,6 жарым жасқа толғанда тағайындалатын болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.