Елімізде жаңа ашылғалы жатқан мұз айдынына Денис Теннің есімі берілетіні жария болды

0 0

Қостанайда жаңа ашылғалы жатқан Мұз спорт кешеніне мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің есімі беріледі. Бұл туралы облыстық  Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Вильямс айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Sn.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 2018-2019 жылдары Қостанайда төрт үлкен спорттық кешен ашылу жоспарда бар. Оның ішіндегі спорттық ойын-сауық орталығы ендігіде қолданысқа дайын екен. Ал жаңадан салынып жатқан Мұз кешені келесі жылы ашылады.

«Жаңа ашылғалы жатқан Мұз кешеніне Денис Теннің есімін беру жай ғана әңгіме емес. Бұл жайында маған бір журналист хабарласып, жаңа аренаға спортшының есімін беруге қалай қарайтынымды сұраған болатын. Мен бұл бастаманы қолдайтынымды айттым. Біз бұл ұсыныстың бастамашысы боламыз деген ойдамын», – деді Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.