Астанада Жамбыл облысының ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

0 0

Астанада Жамбыл облысының ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.

4-5 тамыз күні өтетін жәрмеңкеге жалпы құны 122 млн теңгеден асатын өнім апарылмақ. Әулиеаталық тауар өндірушілердің жәрмеңкесі Елорданың 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.  

Астаналықтар үшін қазір 6 жүк көлігіне 365 тонна тауар тиеліп, жолға шықты. Атап айтқанда,  30 тонна ет, 19 тонна сүт, 5 тонна балық пен осынша көлемде шұжық өнімдері, 2,5 тонна бал бар. Осы өңірде өндірілген өсімдік майы, макарон, кондитерлік өнімдер мен кептірілген жемістер де Елорда тұрғындарына ұсынылады. Ал, жаңа піскен жеміс-жидек пен көкөністің көлемі – 257 тонна.

Бұдан бөлек, жәрмеңкеге қымыз-шұбат, ірімшік пен құрт, сары май секілді ұлттық тағамдар да сатылымға шығарылмақ. Мұндай жәрмеңке сатушыға да, сатып алушыға да тиімді. Шаруалар өндірген өнімін еш делдалсыз сатуға шығарса, тұтынушы қажетін нарық бағасынан әлдеқайда төмен бағамен ала алады.

Жаңғырған Жамбылдан жеткен жәрмеңке 2 күнге жалғасады. Өтетін орыны — Астана қаласындағы Қ.Мұңайтпасов көшесі, «Қазақстан» спорт кешенінде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.