Жамбыл облысында «АрМИ-2018» халықаралық әскери ойындары өтуде

0 3

Отар әскери полигонында дәстүрге айналған «АрМИ-2018» халықаралық әскери ойындары өтуде, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жарысқа 12 мемлекеттен 18 команда қатысып жатыр. Олар — Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Тәжікстан, Сирия, Әзербайжан, Беларусь, Венесуэла, Зимбабве, Иран және еліміздің қарулы күштері. Сарбаздар үш түрлі сайыс бойынша бақ сынайды. Атап айтқанда, артиллерия, сұңқар салу және сенімді қабылдау.

Айта кетейік, биыл алғаш рет байланыс қызметкерлері арасында «Сенімді қабылдау» байқауы өткізіліп отыр. Жарыстың ашылу салтанатына еліміздің қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов пен Қырғызстан Республикасы қарулы күштерінің басшысы Райымберді Дүйшенбиев қатысты.

Жарыстың алғашқы күнінде артиллериялық күштер қабілетін көрсетті. Танк командалары кедергілерді бағындырып, нысананы көздеп атудан үздікті анықтайды.

Сәкен Жасұзақов, ҚР Қорғаныс министрі:

«Халықаралық әскери ойындар төртінші жыл дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отыр. Басты мақсат — елдер арасындағы әскери ынтымақтастықты арттыру. Және сарбаздардың шеберлігін шыңдау»,-дейді ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов.

Осыған орай, шетелдік қатысушыларды да әңгімеге тарттық.

«Біз өткен жылғы әскери ойындарға қатысып, орын ала алмадық. Биыл барлық қателіктерімізді сабақтап келдік. Қателіктер көбінесе әскери ережелерге байланысты болды. Сонымен қатар, біздің техникамызда да айырмашылық бар»,-деді Зимбабве командасының өкілі Факт Машове. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.