Биыл елімізде 6 500-ге жуық адам тегін оқытылып, қайта даярлықтан өтеді

0 0

Биыл Астанада 6 500-ге жуық адам тегін оқытылады. Бұл «Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында жүргізілмек. Бұл туралы «ZhambylNews» AA Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сондай-ақ 700-ге жуық маман өзге де сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімде оқытылып жатыр. Оларға ай сайын 16 мың теңге көлемінде шәкіртақы беріледі. Солардың бірі Шатгүл Қуандық, денсаулығына байланысты мамандықты ауыстыруына тура келген. Енді 3 айлық курстан соң, жаңа жұмысы дайын тұр.

Шатгүл Қуандық, тігінші:

— Дәріс алдық теория жүзінде. Енді ол аяқталып, фабрикаға келіп, тәжірибе алмасып жатырмыз. Осыны толық игеріп, кәсіп ашқым келеді.

Білімін жетілдіріп жүргендердің жасы 30-40-тар шамасында. Ыңғайлы болу үшін кешке білім алуға жағдай жасалған. Оқытылатын мамандықтардың барлығы еңбек нарығында сұранысқа ие. Олардың арасында «Кибер қауіпсіздік», «Құрылыс саласындағы «3D» басып шығарушы мен жобалаушы» сынды жаңа маман иелері де бар. Мұнан өзге жоғарғы оқу орындарына да грант берілген. Бақ сынап көру үшін оқу орындарына барып, ақпарат алуға болады.

Олжас Омар, халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы:

— Мүмкіндігі шектеулі балаларға, көп балалы жанұяларға әкімнен 102 грант бар. Мамандықтар белгіленді. Астанада осы жылы 6500 адамды қамтиды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.