Эйфель мұнарасына кіру мүмкін болмай қалды

0 0

Эйфель мұнарасына кіру мүмкін болмай қалды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA КТК арнасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Себебі, осы ғимарат қызметкерлері наразылық шарасын өткізуде.

Олар мұнара басшылығының жаңа саясатына қарсы.  Өзгерістерге сәйкес, енді билеттердің тең жартысын онлайн режимде тапсырыс бергендерге қалдыру керек. Және ғаламтор арқылы билет сатып алғандар нысанды аралайтын уақытын да өздері таңдай алады.

Мұңдай жаңашылдық монумент маңындағы онсыз да ұзын-сонар кезекті ұлғайтады дейді жұмысшылар. Себебі, кассадан билет алу үшін адамдардың сағаттап күтуіне тура келеді екен. Тараптар ортақ шешімге келе алар емес.

Мұнара басшылығы осы уақытқа билет алған барлық туристерден кешірім сұрап, жақын арада ғимараттың ашылатынын жеткізді. Айта кетейік, бұған дейін Эйфель мұнарасына билеттердің 20 пайызы ғана онлайн сатылатын еді. Бұл жерге жылына 6 миллион турист келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.