Жоғарғы оқу орындарында сырттай оқу тоқтатылып, студенттер қашықтықтан оқытылмақ

0 0

Жоғарғы оқу орындарында сырттай оқу тоқтатылып, студенттер қашықтықтан оқытылмақ, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA «Астана» арнасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Жоғарғы оқу орындарында сырттай оқу тоқтатылады. Білім және ғылым министрлігі заң бойынша ол келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап енетінін мәлімдеді.

Қазір елде Жоғарғы оқу орындарында білім алып жатқан 534 мың студент бар. Олардың арасында доктарантура мен магистратурада оқитындар да бар. Оның 16-17 пайызы сырттай білім алады. Ол шамамен 84 мың студент. Биыл оның саны артады. Бірақ олар ескі жүйемен оқуларын аяқтайтын болады. Сырттай оқу бөлімі жабылғанымен, ол түбегейлі жойылмайды.

Білім және ғылым министрлігі биылдан бастап бағаны реттемейді. Ақылы оқу құнының бағасын әрбір ЖОО өзі белгілейді. Ол мемлекеттік грант құнынан төмен болуы да мүмкін.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.