Биыл облыстағы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту үлесі 91 пайызды құрады. Жыл соңына дейін тағы да қосымша 45 мектепке дейінгі ұйым ашылады. Бұл туралы бүгін өңір басшысы мәслихат депутаттары алдындағы есебінде айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA.
Маусым айында облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей-интернаты құрылды.
Жаңа оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беруді ұйымдастыру үшін 5024 орынға мемлекеттік білім тапсырысы бөлінді. Облыстағы бойынша 3 жоғары оқу орынындағы жатақхана мәселесі реттелуде. Мәселен, «Тараз» қонақ үйі сатып алынып, ТИГУ студенттеріне жатақхана дайындалуда. Қалған 2 жоғары оқу орны мен 3 колледждер тарапынан жатақхана салу үшін тиісті жер телімдері белгіленіп жатыр.