Облыста жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 16 мыңнан астам адам тартылады. Бұл туралы облыс әкімі мәслихат депутаттары алдында берген есебінде айтты,- деп хабарлайды «ZhambylNews» AA .
Жыл басынан мәртебесі анықталмаған 241 мың адаммен жүйелі жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде, өз бетімен жұмыспен қамтылғандардың үлесі 42,4 пайыздан 34,1 пайызға дейін азайды. Жалпы, аймақтағы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз деңгейінде сақталуда.