210 тарихи жәдігерге QR- код енгізілді

0 16

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің 210 құнды жәдігеріне QR – код жүйесін енгізу жұмыстары жүргізілді.  Бұл туралы облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтты,-деп хабарлайды «ZhambylNews» AA.

Бұл — музейге келушілердің уақытын үнемдеуге, әсіресе смартфондар мен гаджеттерді көп пайдаланатын жас буын үшін тиімді болмақ. Əрі музейге, тарихи жәдігерлерге деген қызығушылықтарын арттырады.

Айта кетейік, бүгінгі күні 2500-ге жуық келуші мен туристер QR -кодты пайдалану арқылы музей экспозициялары туралы ақпарат алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.