Таразда үш музей салынатын болды. Ол «Даңқ», «Желтоқсан» және Жамбыл Жабаев атындағы музейлер, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Екі музей шаһарда жыл соңына дейін пайда болады. Қазір облыстық тариха-өлкетану музейінің қызметкерлері жаңа экспонаттар жинау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, Экспонат сыйла» акциясы аясында бұл істе қала тұрғындары да музей қорын толықтыруда.
«Тарихи-өлкетану музейінің қорында 66 мыңға жуық экспонат бар болса, экспзицияларың басым көпшілігі жамбылдықтардың арқасында пайда болған. Қала тұрғындары өткен ғасырдық ерешке бұйым-дүниелерін музейге тарту еткен.
«Осы жылы бізде шамамен 10 экспонат пайда болды. Бұл археология, энография бұйымдары, тұрмыстық заттар. Тұрақты түрде болмаса да, музейге тарту жасайтындар баршылық. Себебі, театр киім ілетін орыннан басталса, музей өз қорынан басталады», — дейді облыстағы тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Ғалия Әлімжанова.
Қазіргі уақытта экспонаттарды үш музейге бөлу қолға алынып жатыр. Мысалы, Кеңес Одағының батыры Сәді Шәкіровке тиесілі текемет «Даңқ» музейіне жөнелтіледі.