«Отар» 40-шы әскери базасында АрМИ-2018 аясындағы халықаралық байқауларға қатысушылар арасында сайыстар жалғасуда, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Артиллериялық алау» шеберлері сайысының бірінші кезеңінің жалпы рейтингіне сәйкес, командалар құрамаларының екінші есебі арасында қазақстандық әскери қызметкерлер екінші және үшінші орынға табан тіреді. Бірінші орынды Ресейден келген қатысушылар иеленді.
12 команданың әрқайсысында 3 есептен бар. «Сұңқарды аңға салу» сайысының бірінші кезеңдегі үш жаттығудың нәтижесі бойынша, Қазақстанның әскери қызметкерлері бірінші орында тұр, екінші орынға Белоруссия және Иран командалары орналасса, ресейлік командалар үшінші орынға табан тіреді. «Сенімді әдіс» сайысының аяқталған екі кезеңінің нәтижесі бойынша, қазақстандық команда ең көп ұпай жинап, көш бастап тұр. Екінші орынға Белоруссияның байланыс қызметкерлері, үшінші орынға Қытайдың қатысушылары орналасты.
4 тамызда Қазақстан аумағындағы сайыстардан бөлек, отандық әскери қызметкерлер «Теңіз кубогы» байқауында озып шықты. Сондай-ақ, «Қару жасау шебері», «Эльбрус сақинасы» және «Далалық ас үй» байқауларында жерлестеріміз екінші орынды жеңіп алса, «Снайперлік шеп», «Танктік биатлон» және «Әскери-медициналық» эстафета сайыстарында үшінші орын иегерлері атанды.