Таразда электроскутерлерді жалға алушылардың жұмысына тексеріс жүргізілді (ФОТО)

0 5

Бүгін Тараз қаласында Жамбыл  облыстық ІІД қызметкерлері электроскутерлерді жалға алушылардың жұмысына тексеріс жүргізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA.

Оған себеп, бүгінгі таңда көптеген жастардың кешкілік серуенге шығып, орталық алаңда электроскутерлерді айдауға әуес. Ал оның қауіпсіздік ережелерін көбісі біле бермейді. Осы орайда, департамент қызметкерлері тұрғындарға сақтық шараларын ескертті.

Айта кетейік, бұл көлік түрі сағатына 25 шақырымға дейін жылдамдық ала алады, бір рет қуаттап қойсаңыз, 30 шақырым жол жүріп өтеді. Салмағы 12-13 келі болады. Электроскутерді айдап үйрену оңай, бірден тұрып, жүріп кетесіз. Жол жиегін де басып өтуге болады, еңкейіп жатудың қажеті жоқ, тек рөлін сәл көтерсеңіз болды. Жылы уақытта электроскутерды орта қашықтыққа серуендеу үшін пайдаланады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.