Жамбыл облысында марихуана дайындаушы ұсталды

0 2

Жамбыл облысының тұрғынынан 38 келіден астам кептірілген марихуана тәркіленді. Бұл туралы «ZhambylNews» AA облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық Ішкі істер департаментінің ресми мәліметіне сүйенсек, ол Меркі ауданындағы «Сиыр баз» жайылымы маңынан ұсталды. «Көкнәр-2018» жедел профилактикалық шарасы барысында полицейлер бұрын сотты болмаған 38 жастағы аудан тұрғынынан қапшыққа салынған марихуана тапқан.

Қазір қолға түскен азамат өз кінәсін мойындап, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Оған еліміздің Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлімі бойынша мүлкін тәркілеусіз 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.