Жамбыл облысының дарынды оқушылары ағымдағы жылдың 5 тамыз күні «Астана – менің Отанымның Елордасы» атты әлеуметтік жоба аясында Астана қаласына саяхатқа аттанды. Бұл туралы «ZhаmbylNews» AA хабарлайды.
Үш күндік экскурсия аясында 17 республикалық олимпиадалар мен облыстық байқаулардың жеңімпаздары және көп балалы отбасының балалары бас қаланың мәдени нысандарын аралап, ғимараттардың салыну тарихымен танысады.
Астана қаласы әкімдігі аталмыш акцияны туған елдің мәдениеті мен тарихын терең зерделеу, тарихи орындардың алуан түрлілігі мен ерекшеліктері туралы білім алу, оқушылардың отаншылдық сезімдерін дамыту мақсатында ұйымдастырып отыр.