Алдағы 3 күнде еліміздің басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады

0 0

Алдағы 3 күнде еліміздің басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады,-деп хабарлайды «ZhambylNews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады. Екпінді жел соғады. Батыста және солтүстік-батыста бұршақ жаууы мүмкін.

Ауа температурасы негізінен 27-35 градус аралығында сақталады. Оңтүстік және батыста 40 градусқа дейін көтеріледі.

9 тамызда Республиканың батысында және солтүстік-батысында Таймыр ауданынан салқын және ылғалды ауаның ауысып келуіне байланысты күн салқындай бастайды. Күндізгі ауа температурасы 20-28 градусқа дейін төмендейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.