Доллар бағамы төмендеп, теңге күшейе түсті

0 0

Доллар бағамы төмендеп, теңге күшейе түсті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA stan.kz сайтына сілтеме жасап.

KASE-дегі таңертеңгілік сауда-саттықтың қорытындысы бойынша ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы бағамы 348,89 теңгені құрады.

Алдыңғы күнгі сессияның қорытындысы бойынша 3 тамызда бір доллардың құны 349,72 теңгені құраған. Бүгінде АҚШ доллары 0,92 теңгеге төмендеп, ұлттық валюта нығая түсті.

Сессия қорытындысы бойынша ең төменгі баға 348,20 теңге болса, ең жоғарғысы 349,71 теңге болды. Ал, сауда көлемі 44,6 миллион долларға жетті.

Жұма күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша 1 долларға 349,81 теңге, күндізгі сессияда 349,72 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 349,76 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 146,8 млн долларды құрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.