Сабаннан жасалған тиін арт-инсталляциясы алынып тасталды

0 5

Алматы облысында сабаннан тұрғызылған тиінның арт-инсталяция бұзылып жатыр, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін бірқатар БАҚ та белгісіз біреулер тиінді сүріп тастады деген ақпарат таратқан.

«Қаскелең» агорпаркінің  маманы  Ринат Фазылбековтің айтуынша, арт-инсталляцияны жасаушылардың өздері бұзған.

«Ауа райының  құбылуына  байланысты тиінді біз өзіміз алып тастадық.  Себебі, арт-инсталяция эстетикалық келбетін  жоғалта бастады. Бəлкім маркетинг мақсатында тағы бір инсталляция ойлап табармыз.  Негізі оны біз бір күнге ғана арнап жасағанбыз. Инсталляция 1 ай тұрды. Жел соққан сайын тиіннің  шөптері ұша бастады. Біз мұны агропаркке  елдің назарын аудару үшін жүзеге асырдық»,- деді Ринат Фазылбеков.

Оның айтуынша, Funk агенттігінің өкілі Майра  Измайлованың тарапынан наразылық пікірі болмаған.

Агропарк негізінен өзі шығарып жатқан өнімдеріне қоғам назарын аудартпақ болған.

Еске сала кетейік, Алматы облысында сабан шөптен жасалған тиін пайда болғаны туралы жазған болатынбыз. Оны салуға ешқандай қаржы жұмсалған жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.