Жамбылда жылу беру маусымына дайындық жолға қойылған

0 1

Жамбыл облысында 2018-2019 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жоспары жасалып, жауапты тұлғалардың тізімі және облыстық штаб отырысының кестесі бекітілген. Бұл туралы “ZhambylNews” Aқпараттық Aгенттігі хабарлайды.

Жылу энергетика кәсіпорындары мен жаздық жөндеу компанияға 784,8 млн.теңге қаралды.

Алдағы жылу маусымына облыс бойынша білім және денсаулық сақтау нысандары сексен алты пайызға, спорт пен әлеуметтік нысандар сексен үш пайызға дайын. Ал, жылу қазандықтары 80 пайызға дайын болса, жылу желілерін ауыстыру жұмыстары аяқталуға жақын. Оның ішінше газ құбырларының он алты шаршы метрі, су желілерінің он екі  шаршы метрі жөнделіп үлгерген. Бюджеттік мекемелер мен тұрғындарға қажетті қатты отын мөлшерін дайындау жұмыстары қазір қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, Қаратау, Жаңатас және Шу қалаларындағы қазандықтарға жөндеу жұмыстары жасалған. Жауапты мамандардың айтуынша  өңірдегі мың жеті жүз елу үш әлеуметтік маңызы бар нысандардың мың жеті жүз отыз тоғызы қысқа дайын. Қалғандарында жөндеу жүріп жатыр. Ал көпқабатты тұрғын үйлердің бірқатарында бұл мәселені тез арада шешу қажет. Облыста мың төрт жүз жетпіс бес көпқабатты үйлердің 57-сі әлі қысқа толық дайын емес .

— Облыста төрт жүз отыз төрт автономды түрде жұмыс істейтін қазандық бар. Олар 100 пайыз дайын. Жылу маусымына Қаратау, Жаңатас, Шу қалаларындағы қазандықтарға отын сатып алуға 1,2 миллиард теңге қажет. Оған төртінші тоқсанға облыстық бюджеттен төрт жүз он үш млн теңге бөлінді. Бүгінгі таңда жұмыс қарқынды түрде жүргізілуде. Барлығы басқарманың қатаң  бақылауында. Аудандар үшін арнайы кесте бекітілген. Бюджеттік және әлеуметтік нысандарға қатты отын түсіру қыркүйек айында басталады. Облыс әкімінің бірінші орынбасарының қатысуымен ай сайын штаб отырысы ұйымдастырылуда, — дейді облыстық энергетика және ТКШ басқарма басшысының орынбасары Құдайберген Қорғанбаев.

Айта кетейік, 2016-2018-ші жылдары электр тораптары және жылу жүйелеріне инвестициялық бағдарлама арқылы заманауи стандартқа сәйкес жөндеу жұмыстары жоспарланған. Бұл бағытқа өткен жылы 50 млн-нан аса қаражат бөлінсе, биыл оған 60 млн. теңге қарастырылып отыр. Бұған дейін қалалық жылу желілерінің учаскелерін ауыстыру жұмыстары жүргізілілген. Мәселен, 1 238, 238 млн. теңгеге Б.Момышұлы, Сейфуллин көшелерінің бойымен М-8 жылу магистралін, 2 191, 260 млн. теңгеге  Жамбыл даңғылы, Рахимов, Жұбанышев көшелерінің бойымен М-5 жылу магистралін, 192, 258 млн. теңгеге Сүлейменов көшесі бойындағы ТК-225 ішкі кварталдық жылу жүйелерін Қойгелді көшесіндегі К-11-ге дейін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, «Жамбыл-Жылу» мекемесі бойынша қалада 40 қазандық және 39,5 шақырым жылу желілері бар. Кәсіпорынның технологиялық қондырғыларына  және жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі күні кәсіпорында инвестициялық бағдарламаға сәйкес №21, 14 және №56 орта мектеп қазандықтарында жылу желілерін және қондырғыларды ауыстыру, РК-1 қазандығына ғимаратты күрделі жөндеу жұмыстары, ішкі технологиялық құбырларды ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Инвестициялық бағдарлама аясында орнатылған қондырғылар жылу шығындарын азайтып қана қоймай,  жылу энергиясын үнемдеуге де мүмкіншілігі бар. Бұған дейін ескі қондырғыларда жиі ақау шығып,  жылу жүйесі жиі өшіп қалатын еді. Енді жаңа технологиялар мұндай олқылықтарға жол бермеуі керек – дейді мамандар.

Бүгінгі таңда жоспарланған іс-шараларға сәйкес, кәсіпорындар жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.