Жамбыл облысында энергетика саласына өзгеріс енгізілді
Келер жылдан бастап ауыз су мәселесімен энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы айналысатын болады. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрбай Тілегенов мәлімдеді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” Aқпараттық Aгенттігі.
Облыста ауылдық елді мекендерді сумен қамту жұмыстарымен облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы айналысқан. Ауыз су мәселесі құзыреттілігі облыс әкімдігінің энергетика басқармасына беріліп, Ережесіне өзгерістер енгізілді.
Алдағы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сумен қамту жобалары Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдері арқылы іске асырылады.
Алдымен ауыз су мәселесіне тоқталған басқарма басшысының орнбасары 2018 жылдың 1 қаңтарында өңіріміздегі 4 қаланы орталықтандырылған ауыз сумен қамту 84,7 пайызды құрағанын жеткізді. Облыстағы қалалар бойынша көрсеткішті ағымдағы жылдың соңына дейін 86,0 пайызға жеткізу көзделген. Көрсеткішке қол жеткізу үшін Тараз қаласында «Бурыл А,Б,В» тұрғын алқабында сервистік желілердің құрылысына биыл республикалық және облыстық бюджеттен 334,6 миллион теңге бөлініп, ұзындығы 46,2 шақырым болатын құбыр жүйелері жүргізілуде екен.
Бүгінгі таңда өңірдегі 373 ауылдық елді мекеннің 189 немесе 50,7 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған, 181 ауыл орталықтандырылмаған сумен қамтылып, 3 ауыл тасымал сумен қамтылған немесе 0,8 пайызды құрады. Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында облыстағы қалалалар мен елді мекендерді газдандыру мәселесі де қаралды. Өңірдегі елді мекендерді газдандыру жұмыстарына өткен жылы 525 миллион теңге бөлініп, 8 жобалық-сметалық құжаттама дайындалыпты. Оның ішінде облыстағы 6 ауданның 84 елді мекенін газдандырумен қатар, АГРС-1 және АГРС-2-ні қала сыртына шығару жоспарланған. Бұл жұмыс та Тараз қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. «Осы жобалар іске асқан кезде облыстағы газдандырылған елді мекендер саны 265-ті құрайды.