Шымкентте Жамбыл облысының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыруға бағытталған роуд-шоу өтуде

0 18

Дәл қазір Шымкент қаласында Жамбыл облысының инвестициялық мүмкіндіктерін Түркістан облысының инвесторларына таныстыруға бағытталған роуд-шоу өтуде, — деп хабарлайды «Zhambylnews» Ақпараттық Агенттігі.

Роуд-шоуға Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласындағы бірқатар ірі компаниялардың, «Тараз Химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ аймақтық өкілдері қатысуда.

Іс-шараның мақсаты — құрылыс материалдары, агроөнеркәсіп кешені және әртүрлі өңдеуші өнеркәсіп секілді ірі экономикалық секторларда іскерлік ынтымақтастықты дамыту.

Бизнес –форумда 14-тен астам инвестициялық жоба ұсынылады. Оның ішінде, қазіргі заманғы медициналық кешен құрылысы, ультра пастерленген сүтті өндіру және қаптау цехын кеңейту, «С» санатындағы жол бойындағы сервистік кешендердің жобалары бар.

Роуд- шоуда «Тараз Химиялық паркі» АЭА тұсаукесері өтеді деп жоспарланған. Жиын ары қарай «В2В» түріндегі кездесулермен жалғасады.

Айта кетейік, соңғы 20 жылда Қазақстан индустриялық саясат нәтижесінде күштi экономикалық дамуды бастан кешірді, олар елдің табиғи ресурстарын тиiмдi қолдануға, өндiрiстiң тез дамуына және тікелей шетелдiк инвестициялар ағынының ұлғаюына ықпал етті.

Сонымен бірге, ендігі проблемалар бар:

– инновациялар түрлерін, өнеркәсіпте, университеттерде және мемлекеттік секторда инновацияларды қалай дамыту қажеттігін жеткiлiкті түсiнбеу;

– үдемелі индустрияландырудың сын-қатерлеріне және экономиканың жоғары технологиялық секторларын дамыту жөніндегі міндеттерді орындауға отандық білім беру жүйесінің дайын болмауы;

– инновацияларға сұранысты қамтамасыз етудің тиімді тетіктерінің болмауы, жеке сектордың инновациялық қызметте әлсіз қатысуы, сондай-ақ инновациялық жобаларды қаржыландыру үшін венчурлік капитал нарығының дамытылмауы;

– инновациялар жолындағы әкімшілік кедергілер;

– инновациялық саясаттың өңірлік дамудан оқшаулануы.

Осының барлығы жиынтығында экономиканы дамытуға инновациялардың үлесін айтарлықтай шектейді.

Инновацияны дамытудың сыртқы факторларына жаңа технологиялық шақырылымдар жатқызылады.

Дүние жүзінде оларды төртінші өндірістік революция деп атайды, жаңа технологияларды, жаңа заман логистикасын, энергетикада жаңа технологияларды, интеллектуалды өнімділік жүйелерін қосқанда өндірісті автоматизациялаудағы алдыңғы қатарлы технологиялары болып табылады.

Төртінші өндірістік революция ретінде болашақ өндіріс немесе «білімді кәсіпорын», онда жаңа технологияларды қолдану тапсырыс берушінің жеке қажеттілігіне бағытталған икемді өндіріс.

Инновацияның дамуын тежелейтін ішкі факторларға, аймақтық инновациялық жүйелердің дамуының жетіспеушілігі, кадрмен қамтамасыз ету құзыретінің төмендігі, ғылым, өндіріс және университеттердегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-ұйымдастырушылық зерттемелер және инновациялық жобалардың арасындағы қатынастардың жетіспеушілігі жатқызылады.

Сонымен бірге, экономикадағы дәстүрлі салалардың технологиялық төменділігі жаңа заманғы технологиялар трансферінің қажеттілігі, өндірісті жаңғырту, еңбек өнімділігінің өсуімен және олардың бәсекеге қабілеттілігін жаңа кезеңге шығарумен сүйемелденеді.

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгі инновациялық дамыту тұжырымдамасында белгіленген сын-қатерлерді ескере отырып, тиiстi iс-шаралар көзделді және нақты индикаторлар айқындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.