Facebook әлеуметтік желісі парақшада 3D-принтердің көмегімен атыс қаруын жасауға арналған сызбаларды жариялауға тыйым салмақ, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бейсенбі күні Facebook желідегі осындай контенттің барлығын, басқа сайттарға сілтемелерді қоса өшіретінін мәлімдеді.
«3D-принтерлердің немесе цифрлық бағдарламалар арқылы басқарылатын станоктардың көмегімен атыс қаруын жасауға болатын нұсқауларды орналастыруға тыйым салынады. Осы саясатқа байланысты, мұндай контентті Facebook-тен өшіреміз», — делінген әлеуметтік желінің мәлімдемесінде.
Соңғы кезде АҚШ-тағы жаппай атыстарда AR-15 винтовкасы мен тапаншалар пайдаланылған. Олардың әлеуметтік желіні кезіп жүрген сызбалары арқылы кез келген адам 3D-принтердің көмегімен қару жасай алатын.