Қазақстанда алғашқы қоңырау: Бірінші сынып оқушылары қай күні сабаққа барады

0 0

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің «Орта білім беру ұйымдарында 2018 — 2019 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі № 322 бұйрығына сәйкес 2018-2019 оқу жылының басталуы — 2018 жылғы 1 қыркүйекте, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында — 32 оқу аптасы, 1-і сыныптарда — 33 оқу аптасы, 2-11(12) сыныптарда — 34 оқу аптасы. Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.

Сондай-ақ, бұйрықта оқу жылы барысындағы каникул кезеңдеріде бекітілген.

1-11 (12) сыныптарда: күзгі каникул — 7 күн (2018 жылғы 29 қазан — 4 қарашаны қоса алғанда), қысқы — 10 күн (2018 жылғы 31 желтоқсан — 2019 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі — 13 күн (2019 жылғы 21 наурыз — 2 сәуірді қоса алғанда); мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул — 7 күн (2018 жылғы 29 қазан — 4 қарашаны қоса алғанда), қысқы 14 күн (2018 жылғы 27 желтоқсан — 2019 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2019 жылғы 21 наурыз — 4 сәуірді қоса алғанда); мектепалды даярлық сыныптары мен 1-і сыныптарда 7 күн мерзімде (2019 жылғы 4-10 ақпанды қоса алғанда) қосымша каникул белгіленеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.