Каспий саммитінде біршама маңызды құжаттар қабылданды

0 0

Бүгін Ақтауда өткен Каспий саммитінде мемлекетке маңызы бар бірқатар құжаттар қабылданды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі саммит Каспий теңізінің халықаралық күнімен сәйкес келгенін айтты.

«Біз әріптестерімізбен Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне байланысты атқарылған істердің қорытындысын шығардық. Алдағы уақыттағы көп жақты қарым-қатынасты дамыту туралы талқыладық. Сауда, экономика, транспорт пен қауіпсіздік туралы біршама келісімге қол қойдық», — деді Қазақстан президенті.

Елбасы келісімшарттың сәтті қабылдануымен қатар, Конвенцияны даярлау кезінде барлық мемлекет саяси тұрақтылық пен Каспий аймағының дамуын, сондай-ақ, оның табиғи байлықтарының сақталуын қадағалағаны туралы айтып өтті.

«Көп жылдық еңбектің нәтижесі бүгінгі Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция болды. Бұл, өз кезегінде, «Каспий теңізінің Конституциясы» деуге болады», — деді Қазақстан басшысы.

«Біз 15 теңіз милясының еніндей аумақтық сулар құрдық. Олардың сыртқы шекаралары мемлекеттік мәртебеге ие болатын болды. Ал аумақтық суларға он милялық балық аулайтын аймақтар жалғасады. Мұнда әр мемлекет өздерінің жеке кәсібін жүзеге асырады.

Балық аулайтын аймақтан бөлек, жалпы су кеңістігі сақталып тұрады. Теңіз шекарасынан тыс, жағалаудағы елдердің жалауларымен ұшатын кемелердің жүзуіне еркіндік беріледі.

Маңызды келісімдердің қатарына басқа теңіздер мен Әлемдік мұхитқа тасымалдау еркіндігінің болуын жатқызуға болады», — деді мемлекет басшысы.

Елбасы бұл талаптардың орындалуы жағалаудағы елдердің көлік инфрақұрылымына, Каспий аймағындағы транзиттік потенциалдың артуына, сондай-ақ, Каспийдің экологиялық жүйесі мен биологиялық ресурстарының қорғалуына оң әсерін тигізетінін мәлімдеді.

Соңында Елбасы Ақтау саммиті Каспий маңы елдерінің бірлесіп, ірі міндеттерді орындай алатынына тағы да дәлел болғанын айтты. Ол «каспий бестігі» қабылдаған келісімшарт мемлекеттердің серіктестігін нығайта түсетінін жеткізді.

Сондай-ақ, саммите Әзірбайжан елінің басшысы Ильхам Әлиев, Иран Ислам республикасының президенті Хасан Рухани, Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин мен Түркіменстан басшысы Гурбангулы Бердымухамедов сөйледі.

Каспий маңы елдерінің бесінші саммиті қорытындысы бойынша, төмендегідей құжаттар қабылданды:

1. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция.

2. Каспий теңізіндегі терроризммен күресу бойынша серіктестік хаттамасы.

3. Каспий теңізіндегі ұйымдасқан қылмысқа қарсы тұру бойынша серіктестік хаттамасы.

4. Каспий маңы елдерінің басшылықтары арасындағы сауда-экономикалық серіктестік туралы келісім.

5. Каспий маңы елдерінің басышылықтары арасындағы көлік-транспорт серіктестігі туралы келісім.

6. Каспий теңізіндегі соқтығыстардың алдын алу туралы келісім.

7. Шекара мекемелеріндегі қарым қатынас пен серіктестік туралы хаттама.

Leave A Reply

Your email address will not be published.