Қазақстандық дәрігерлердің жалақысы қашан және қаншалықты өседі

0 0

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева алдағы уақытта денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінің жалақысы өсетінін айтты. Бұл туралы «ZhambylNews» AA Алматы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ләззат Ақтаева журналистерге берген сұхбатында дәрігерлердің жалақысын көтеруге мемлекеттік бюджеттен 37 миллиард теңге бөлінгенін айтты.

“2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап алғашқы санитарлық көмек дәрігерлері мен жедел жәрдем дәрігерлерінің жалақысы 20 пайызға өседі”, – дейді денсаулық сақтау вице-министрі.

Өз сөзінде денсаулық сақтау вице-министрі аталған мамандық иелерінің жалақысы жоғары болмаса да, медициналық ЖОО-ларға түскісі келетін талапкерлері саны азаймағанын атап өтті.

“Қашан да дәрігердің мамандығы беделді саналады. Тиісінше, медициналық ЖОО-ларды байқау үнемі жоғары болып келеді. Сәйкесінше, басқа ЖОО-лармен салыстырғанда, медициналық жоғары оқу орындарына «Алтын белгі» иегерлері де көптеп түседі”, – дейді Ақтаева.

Leave A Reply

Your email address will not be published.