Информатика пәні 1 және 2 сыныптан бастап оқытылады

0 2

Цифрлық Қазақстан бағдарламасы аясында алдағы жылдары информатика пәні 1 және 2-сыныптардан бастап оқытылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Астана қаласында педагог қызметкерлердің тамыз конференциясында айтты. Бұл туралы «ZhambylNews» AA Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Конференция барысында Ерлан Сағадиев жаңа оқу жылында оқушылар мен ұстаздарды қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтып берді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 5 және 7-сыныптар арасында «Өлкетану» бағдарламасы енгізілді.  Мазмұны өңірлерде құрылған авторлық топтармен бірге жасалды. Осы пәнді сапалы жүргізуіміз қажет. Мұнымен қатар, биыл информатика пәні 3-сыныптан бастап оқытылады.

Цифрлық Қазақстан бағдарламасы аясында келер жылдары информатика пәні 1 және 2-сыныптардан бастап жүргізілетін болады. Олардың бағдарламалары дайындалып жатыр.

Цифрлық білім беру ресурстары белсенді түрде қолданылуда. Әр пән бойынша ресурстар мектептерге 100% жеткізілді. Енді оларды ұстаздар дұрыстап қолдануы тиіс», — дейді Сағадиев.

Педагог қызметкерлердің тамыз конференциясы – жаңа оқу жылының басталуына және жаңа идеяларға бастама беретін дәстүрлі оқиға.

Конференция Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында және «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айқындалған міндеттерді іске асыру аясында білім беру саласын жаңғырту жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеуге, туындаған мәселелер мен инновацияларды талқылауға арналған сұхбат алаңына айналады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.