Тұрар Рысқұлов ауданында биыл 100 жеке меншік тұрғын үй салынады

0 1

Тұрар Рысқұлов ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл жалпы алаңы 9500 шаршы метр болатын 100 жеке меншік тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте Т.Рысқұлов ауданы әкімі Асқар Қрықбаев мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA.

Сондай-ақ, ауданда ағымдағы жылы жалпы шығарылған өнім көлемі 47 млрд. 306,8 млн. тг болады деп күтілуде. Өнім өндіру көлемінің құрамында өнеркәсіп саласының үлесі есептік кезеңде – 25,7%-ға, ауыл шаруашылығы өнімі – 58,9%, ал тауарлар мен қызметтерді өткізу көлемі – 10,1%-ға арттыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласында 2018 жылы жоспарланған көрсеткішке жету мақсатында жалпы құны 26698,3 млн. тг өнімі өндіріліп, өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 701,9 млн. тг артады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.