Жамбыл облысының әкімі сенаторлармен кездесті

0 0

Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов Жамбыл жерінде жұмыс сапарымен жүрген Қазақстан Республикасының Парламенті, Сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров және сенатор Абдалы Нұралиевпен кездесті. Шағын құрамдағы басқосуда бірқатар өзекті мәселер айтылды. Бұл туралы «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі хабарлайды.

Жоғарғы палата төрағасының орынбасары Жамбыл жеріндегі үш күндік жұмыс сапары кезінде бірқатар нысанды аралайтындығын, облыс орталығының алты айдың ішінде айтарлықтай өзгеріске ұшырағандығын айтты.

Алдымен Жеңіс саябағына барып, кейін бірқатар аудандарды аралаған сенаторлар көп нәрсеге қанық болған. Бұл айтуға тұрарлық жүйелі жұмыстың нәтижесі. Халық қалаулыларының облысқа келген мақсаты да сол. Өңірлердің әл-ауқатымен танысып, алда болатын Парламент сессиясында өзекті деген мәселені күн тәртібіне қою. Бұл тұрғыда облыс басшысы Асқар Мырзахметов сенаторларға маңызды деген үш жұмысты айтты. Ол бірінші кезекте Тараз қаласынан шығатын қалдық суларды арнайы сүзгіден өткізетін орынның болмауы. Осының салдарынан болашақта көрші жатқан Жамбыл ауданы тұрғындары да ауыз судың азабын тартуы мүмкін. Өйткені, тазаланбаған қалдық су жер асты суымен қосылып кетеді. 2000 жылдың тарихы бар Тараз үшін бұл өте өзекті мәселе. Себебі, бұл проблема басқа облыстың барлығында шешіліп қойған. Екінші мәселе, елді мекендерді газдандыру мен ауызсу мәселесі. Бұл үш сұрақ та бүгінде маңызды болып тұр. Өйткені, өңірдегі 50- пайыз елді мекенде әлі күнге ауыз су жоқ. Асқар Исабекұлы көтеріп отырған осындай маңызды мәселелер Сенат төрағасының орынбасары тарапынан да қолдау тапты. Өйткені, облыс басшысы көтерген барлық мәселе халықтың әл-ауқатын арттыруға тікелей бағытталып отыр. Жиын соңында өткен алты айда Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен кәсіпкерлік саласын дамытудың жол картасы әзірленгендігі, қордаланған проблемаларды шешу үшін оның арнайы тетігі дайындалғандығы жөнінде де айтылды.

— Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Бұл орайда еліміздің ауыл шаруашылығын көтеру аса маңызды. Елбасы Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру керектігін міндеттеді. Бұл — ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортын түбегейлі арттыруға жол ашады,- деді сенатор.

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов сенаторларға ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп пен кәсіпкерлік саласын дамытудың жол картасы әзірленгендігі, қордаланған проблемаларды шешу үшін оның арнайы тетігі дайындалғандығы жөнінде мағлұмат берді.

Сондай-ақ, Сенатының төрағасының орынбасары Жамбыл облысы Ішкі істер департаментіне барып, жедел басқару орталығының жұмысын көрді, қызметкерлерімен кездесу өткізді, қабылданған заңдар туралы әңгімеледі, қатысушылардың сұрақтарына жауап береді. Өз кезегінде, Ішкі істер департаментінің қызметкерлері ағымдағы заңнаманы жетілдіруге қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды.

— Көтерілген мәселелерде назарға аларлық негіз бар, біз заңнамаларды дайындау барысында бұл ұсыныстарыңызды жан-жақты зерделейтін боламыз боламыз,- деп атап өтті Бектас Бекназаров.

Leave A Reply

Your email address will not be published.