Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысындағы әлеуметтік нысандарды аралады

0 3

Жамбыл облысына барған Мәжіліс депутаттары бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жұртшылықпен жүздесіп қайтты. Бұл туралы «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі хабарлайды. 

ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттарының Әулиеата өңірдегі жұмыс сапары жалғасуда. Бүгін халық қалаулылары Жамбыл ауданындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысып қайтты.

Ең алдымен мәжілісмендер Бектөбе ауылындағы «Азамат» шаруа қожалығында болып, голланд технологиясы бойынша соғылған жылыжайдың жұмысымен танысты. Депутаттар сонымен бірге Айша бибі ауылындағы Айша бибі кесенесіне барды. Тарихтың тереңінен тамыр тартқан ортағасырлық ескерткіштің сәулеттік ерекшеліктерімен танысып, Айша бибі мен Бабаджа қатынның рухына тағзым етті. Бұдан әрі халық қалаулылары Айша бибі атындағы орта мектептің ұжымымен кездесті.

Депутаттар аудандағы «Бірлік» шаруа қожалығының мал бордақылау алаңына да арнайы барды. Мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдаланып, шаруасын жүргізе білген серіктестік келешекте шаруасын ширатып, жұмыс ауқымын ұлғайтпақ. Мәжілісмендер аудандағы ірі серіктестіктердің бірі «Аса-Даму» құс фабрикасының жұмысымен де танысты. Жұмыртқа бағытындағы кәсіпорынның мақсаты – халыққа таза әрі сапалы өнім ұсыну. Жоба үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Жобаның жылдық қуаттылығы 914 млн теңгенің өнімін құрайды.

Бақытгүл Хаменова, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

— Бұл құс фабрикасындағы игілікті шара сол мына мемлекеттік қолдауды көре отырып, өзге алыс-жақын шетелдерге мысалға көршілес жатқан елдерге жасалып жатқан өнімнің нағыз пайдалы жақтарын көріп қайттық.Ол тек өз өнімін өз шеңберінде ғана емес, сол өз еліміздің танытуы ол жұмыстың жүргендігі нәтиженің бергендігі деп қабылдауға болады.

Халық қалаулылары тоқтаған ірі серіктестіктің бірі – «Аса-Даму» құс фабрикасы. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында ашылған жобаның жылдық өнім қуаты – 914 млн. теңге. Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланып, кәсібі өрге басқан серіктестік келешекте шаруасын ширатып, өндіріс ауқымын ұлғайтпақ.

Елбасының 5 әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылу барысын қадағалайтын республикалық қоғамдық кеңес мүшелерінің өңірлердегі жұмыс сапары жалғасады. Олар енді Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай сынды аудандарды аралап, тыныс-тіршілігімен таныспақ ниетте.

Leave A Reply

Your email address will not be published.