Жамбыл облысында есірткімен айналысқан ер адам ұсталды (ВИДЕО)

0 2

Ағымдағы жылдың 19 тамызында Шу ауданы Белбасар ауылына баратын жолда «Көкнар-2018» кешенді жедел алдын алу іс-шарасы аясында Қордай ауданы Қайнар ауылының тұрғыны ұсталды. Бұл туралы «ZhambylNews» AA Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның мотоциклінде 7,2 келі салмақта құрғақ марихуана бар полипропилен пакеті бары анықталды.

Күдікті кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігіне сәйкес алдын ала тергеу жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.