Жамбыл облысында «Tamyz talks» онлайн шеберлік дәрісі өтуде

0 4

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен дәл қазіргі уақытта Облыстық балалар-жасөспірімдер орталығында дәстүрлі тамыз конференциясы қарсаңында «Tamyz talks» халықаралық ынталандыру онлайн шеберлік дәрісі өтуде. Бұл туралы «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі хабарлайды.

TED форматында өтіп жатқан шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында көзделген «Тараз түлегі» жобасы шеңберінде ұйымдастырылып отыр.

Интерактивті дәріс барысында әлемдегі беделді білім ордаларында педагогика саласында оқыған, орта білім беру бағытында табысты тер төгіп жүрген тараздықтармен тікелей бейне-қосылым орнатылады.

Дәріске филология ғылымдарының кандидаты, «Болашақ» бағдарламасымен оқыған тұңғыш журналист, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңес мүшесі, Тараздағы Б. Момышұлы атындағы № 45 мектеп-гимназиясының түлегі Қанат Әуесбай модераторлық етуде.

Интерактивті дәріс барысында әлемдегі беделді білім ордаларында педагогика саласында оқыған, орта білім беру бағытында табысты тер төгіп жүрген тараздықтармен тікелей бейне-қосылым орнатылып, спикерлер педагогика саласында табысты болудың жеке мысалы, тұлға қалыптасуындағы сапалы білімнің маңызы, білім беру саласындағы жаңа көзқарас пен заманауи тың технологиялар турасында сөз өрбіді. Сонымен қатар, онда әлемдегі беделді білім ордаларында оқып, орта білім беру бағытында табысты еңбек етіп жүрген тараздықтар жиналғандармен онлайн режимде тілдесіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Онлайн дәрісте спикерлер педагогика саласында табысты болудың жолдарын,  тұлға қалыптасуындағы сапалы білімнің маңызы мен білім беру саласындағы жаңа көзқарас пен заманауи тың технологиялар турасында сөз қозғады. Конференцияға Кэмбридж университеті мен ТарМПУ түлегі  Нұрмұхаммед Досыбаев арнайы келсе, Британ аралдарынан жерлесіміз Гүлмира Қанаева тікелей байланысқа шықты.

Педагог мамандардың басын қосқан бұл жиын Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында «Тараз түлегі» жобасы шеңберінде ұйымдастырылып отыр. Негізгі мақсат – әріптестер  арасында кәсіби байланыс орнату арқылы білім жүйесіндегі жаңашылдықтармен таныстыру. Сонымен бірге өзара еркін пікір алмасып, біліктілігімен бөлісу.

Мұғалімнің кәсіби даму шеберлігі алған дипломнан кейін әрі қарай тоқтап қалмауы керек. Ұстаздың алдында жай білім беру ғана емес, сонымен қатар өркениет көшіне жол бастайтын, әрі ұлттық рухта сусындаған білімді, дарынды азаматтар тәрбиелеп шығару міндеті тұр. Бұл жолда мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту, біліктілігін арттыру сынды мәселелер мектеп алдында тұрған жауапты іс болмақ, — дейді білім саласының белсенділері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.