Мәжіліс депутаттары Сарысу ауданы тұрғындарын қабылдады

0 3

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Зәуреш Аманжолова мен Бақытгүл Хаменова аудандық партия филиалында болып, тұрғындарды жеке қабылдау кездесуін өткізді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» Ақпараттық Агенттігі.

Аудан азаматтарының талап-тілектері тұрғын үй кезегін жеделдету үшін көпқабатты үйлерді қайта күрделі жөндеу жұмыстарына қаражат қарастыру мәселелері туралы болды. Мәжіліс депутаттары жергілікті, яғни аудандық, облыстық бюджет есебінен іске асырылатын тірліктер екенін айтып, оның шешілу жолдарын назарда ұстайтындықтарын жеткізді. Сондай-ақ, аудан азаматтарының талап-тілектері тұрғын үй кезегін жеделдету үшін көпқабатты үйлерді қайта күрделі жөндеу жұмыстарына қаражат қарастыру мәселелері туралы ҚР Парламенті мәжіліс депутаттарына тілек-өтініштерін білдірді.

Сонымен қатар, Байқадам, Игілік, Жаңаталап елді мекендерінің егістік алқаптарын сумен қамтамасыз етіп отырған «Ынталы» су қоймасының жағдайымен танысты. Сала мамандары су тарайтын канал арнасы сыйымдылығын 5 куб қылып кеңейту қажеттігін айтты. Және су елді мекенге жетпей жайылып кететінін ескеріп, каналдарды науа (лотковый) қылып жасау керектігі жайында талап-тілектерін білдірді. Бұл мәселелерді халық қалаулылары тиісті мекемеге жеткізіп, шаруаның шешілуін назарға алатындарын айтты.

Мәжіліс депутаттары жергілікті, яғни аудандық, облыстық бюджет есебінен іске асырылу қажеттігін айтып, оның шешілу жолдарын анықтап, назарда ұстайтындықтарын жеткізді. Содан соң Жаңатас көпсалалы колледжінде болып, колледж ұжымымен кездесті.

Колледж директоры Н.Түйтебаева колледж 435 студентке ақысыз негізде білім беретін оқу ордасы екенін, аудандағы ірі кәсіпорындар «Қазфосфат» және «ЕуроХим» ЖШС-гі компанияларына қажет кадрларды даярлау бойынша мамандар әзірлеп жатқанын атап өтті. Ауданға келген ҚР Мәжіліс депутаттары көпсалалы оқу орны болғандықтан алдағы уақытта гуманитарлық бағытта мамандықтарды ашуды қолға алу қажеттігін ескертті. Сонымен қатар, өңірдегі ірі кәсіпорын «ЕуроХим-Тыңайтқыш» ЖШС кешенінде болды. Компания директоры Георгиади Игорь «ЕуроХим-Тыңайтқыш» ЖШС кешенінің бүгінгі таңға дейін атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, таныстырды.

Сарысу ауданынан минералды тыңайтқыш өндіретін химиялық зауыт соғу жобасын қолға алған болатынбыз. Қазіргі таңда 500-ге жуық жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отырмыз. Зауыт толықтай қосылғанда 2000 жұмыс орны ашылады деп көзделуде. Жалпы құны 350 млрд. теңге құрайтын жоба құрылысы аяқталғанда жылына 1400 тонна минералды тыңайтқыш өндіреді. Орташа жалақы 100 мың теңгені құрайтын болады,-деді.

Мәжіліс депутаттары компанияға аудан тұрғындарын жұмыспен қамтуды тапсырды. Одан кейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Зәуреш Жұманәліқызы мен Бақытгүл Қайыржанқызы аудандық орталық аурухананың жай-күйімен танысты.

Аудан бойынша 700 қызметкері бар мекеме жұмысы мен мамандардың сапалық құрамы көңілден шыққанымен, «Цифрлы Қазақстан» мақсатты бағдарламасының медицинаны цифрландыру бағыты бойынша бірқатар ескертпелер айтты. Осы бағытта жұмыстарды жандандыру керектігін ескертті.

Халық қалаулылары ауданының елді мекендерін егістік алқаптарын сумен қамтамасыз етіп отырған «Ынталы» су қоймасының жағдайымен танысты. Сала мамандары су тарайтын канал арнасының сыйымдылығын 5 куб қылып кеңейту қажеттігін жеткізді. Су елді мекенге жетпей жайылып кететінін ескеріп, каналдарды науа (лотковый) қылып жасау керектігі жайында ұсыныстарын ортаға салды. Бұл мәселелерді халық қалаулылары тиісті орындарға жеткізіп, шаруаның шешілуін назарға алатындарын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.