Алматыда лингвист ғалымдар латын әлпбиіне негізделген қазақ тілінің жаңа емле ережесінің пилоттық жобасын талқылады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған жиында лингвист-ғалымдар латын қарпін енгізуге қатысты ұсыныс, пікірлерін ортаға салды.
«Үкімет бекіткен жоспарға сәйкес орфографиялық сөздік пен орфографиялық емле жинағы келер жылдың соңында шағады. Биыл негізгі ережелер, концепция талқыланады. Процесс кезінде туындап жатқан сұрақтар өте көп, тиісінше тапсырмалар да жетерлік. Талқылау барысы түрлі жағдайда жалғасады. Өңірлерге барып конференция, дөңгелек үстел, семинарлар өткіземіз»,-деді Е.Қажыбек.
Оның айтуынша, қазір ғалымдар грамматика, фонетика, фонологияны қазақ тілінің заңдылығына лайықтауда.
«Бұл бәрінің көкейінде жүрген сұрақ. Қазір біз байырғы ережемізге бастар жолдамыз. Бұл жылдам бола қоятын нәрсе емес»,-деді ғалым.
Жоғарыда аталған орталықтың бас директоры Ғарифолла Есім латын қарпіне кезең-кезеңмен көшудің жолдары туралы айтты.
«Біз бес-алты ай күні-түн жұмыс істедік. Көп мәселелерді талқылап, шешімдер қабылдап үлгердік. Әлі да атқарылмаған жұмыстар көп. Алғашқыда қиын болады. Жобаны дайындауды өз ісінің мамандары қолға алған. Өз тілімізді биік деңгейге көтеру үлкен іс әрі ел тарихындағы маңызды сәт.»,-деді Ғарифолла Есім.