Қазақстан жолдарындағы қызметтер Google және Yandex карталарына енгізіледі

0 4

Қазақстанда автомобиль жолдарындағы сервистік қызмет көрсету орындары Google және Yandex халықаралық электронды карталарына енгізіледі. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Қазавтожол» ҰК» АҚ бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры Рустам Исаев мәлім етті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жол бойындағы қызмет нысандарын халықаралық карталарға енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірінші кезекте, барлығы кеңінен пайдаланатын Google және Yandex карталары, сондай-ақ мамандандырылған  әрі кәсіби халықаралық карталар қамтылмақ», — деді Р. Исаев.

Оның атап өтуінше, бұл карталардың көмегімен халықаралық тасымалдаушылар мен ел тұрғындары лайықты стандарттарға сай жол бойындағы сервистер қай жерде орналасқанын біле алады.

«Бұл ретте интернет арқылы қонақүйдегі бос орындар, көрсетілетін қызметтер және басқа да қажетті мәліметтерді білу мүмкіндігі бар», — деді ол.

Сонымен қатар, Р. Исаев «Kazway» мобильдік қосымшасы iOS тұрғырнамасында іске қосылғанын, ал қыркүйекте Android тұрғырнамасында қолжетімді болатынын отырғанын жеткізді.

«Бұл жұмыстардың барлығы туризмді дамытуға, оның ішінде ішкі туризмге жағдай жасауға арналған», — деді ол.

Kazway мобильдік қосымшасында жол бойындағы 1800 сервис бекеті, атап айтқанда, жанармай бекеттері, мотель, тамақтану, бөлшек сауда орындары, автотұрақтар, эвакуатор және басқа да мәліметтер бар.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Рустам Исаев ақылы жолдармен жүретін жүргізушілерге RFID-таңбалары тегін берілетінін мәлім етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.