Биыл облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей-интернаты құрылды. Бұл туралы «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі хабарлайды.
Аталған білім мекемесіне 7-8-сыныптарға оқушылар және мұғалімдерді конкурстық негізде қабылдау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландырулар берілді. Бүгінгі күні қабылдаулар жүргізілуде. Мектеп биылғы оқу жылында жұмысын бастайтын болады.
Сондай-ақ, аймақтағы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту үлесі 91 пайызды құрайды. Жыл соңына дейін тағы да қосымша 45 мектепке дейінгі ұйым ашылмақ. Ал техникалық және кәсіптік білім беруді ұйымдастыру үшін 5024 орынға мемлекеттік білім тапсырысы бөлінді. Облыстағы бойынша 3 жоғары оқу орынындағы жатақхана мәселесі реттелуде. Мәселен, «Тараз» қонақ үйі сатып алынып, ТИГУ студенттеріне жатақхана дайындалуда. Қалған 2 жоғары оқу орны мен 3 колледждер тарапынан жатақхана салу үшін тиісті жер телімдері белгіленіп жатыр.
Бұдан бөлек, өңірде цифрландыру жүйесі арқылы құны 12 млн.теңге құрайтын «Электронды архив» жобасы қолға алынды. Бұл арқылы тарихымызды, еліміздің қасиеттері мен қастерленетін ұлттық кодын сақтап келген құнды жәдігерлерге қол жеткізу мүмкіндігі бар. Бұған қоса, халықтың архивтік қызметті алу процесі жеделдетіліп, қолжетімділігі артады.
Бағдарлама аясында Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мен аудандарда 10 цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылды. Бұл мақсатқа 45,5 млн. теңге қаралған. Аталмыш Орталықтарда әртүрлі сала бойынша әлеуметтік маңызды 452 қызмет бойынша қажетті ақпараттар мен мәлімет алуға мүмкіндік туады.
Сонымен қатар, осы мақсатта алғашқы 26 елді мекенде заманауи үлгіде салынатын мәдениет ошақтарында да цифрландырылған ақпараттық мәдениет орталықтарын кезең-кезеңімен 2020 жылға дейін ашуды жоспарға қойдық. Жоғары жылдамдығы бар интернет желісіне қосылған Орталықтарда әр сала бойынша Электронды қор қалыптастырылып, оқырмандардың әлемдік ақпарат көздеріне қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.
Айта кетейік, бүгінгі таңда облыс көлемінде 152 (34%) мектеп робототехника кабинетімен жабдықталған (оның ішінде: 2017 жылы- 32 мектеп). 615 информатика пәні мұғалімі робототехника курсынан өткен. Ал «Қауіпсіз қала» жобасы аясында «Logitex» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі инвестициялау есебінен Тараз қаласындағы А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясында «Қауіпсіз мектеп» жобасы іске асырылды. Бүгінгі күнде 1552 оқушының ЖСН-і базаға енгізілді. Аталған жоба білім мекемесіне бөгде адамдардың кіруін барынша қауіпсіздендіріп, оқушылардың сабаққа қатысуын, олардың келу және кету уақытын білуге мүмкіндік береді.