Қазақстан полицейлері Ресейге барады

0 6

ҚР Ішкі істер министрлігінің 20 қызметкері Ресей Ішкі істер министрлігіне қарасты жоғары оқу орындарында білім алады, — деп хабарлайды  «ZhambylNews» AA ҚазАқпаратқа  сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, ҚР Президентінің 2009 жылғы 30 қарашадағы № 895 Жарлығымен бекітілген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау, өртке қарсы, авариялық-құтқару органдары мен арнайы қызметтері үшін кадрлар даярлау туралы келісімге сәйкес жыл сайын Ресей Федерациясы ІІМ ЖОО-ларында ҚР ІІМ-і үшін оқуға квота бөлінеді.

Осыған орай еліміздің Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау комиссиялары емтихандардан өткен және іріктеу барысында жоғары көрсеткіштерді көрсеткен 20 үміткерді іріктеп алды. Өйткені, ағымдағы жылы Ресей ІІМ ЖОО-ларында жоғары білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 20 қызметкерін оқуға қабылдау жоспарланған. Олар Ресей ІІМ Краснодар университетінде, Волгоград академиясында,  Нижний Новгород академиясында, Воронеж институтында, Сібір заң институтында, В.Я.Кикотя атындағы Мәскеу университетінде және Санкт-Петербор университетінде білім алатын болады.

Кадр жұмысы департаменті бастығының 2018 жылғы 22 тамыздағы бұйрығымен Ресей ІІМ ЖОО-ларына оқуға жолданатын қызметкерлерге кіші басшы құрамның «қатардағы полицей» арнаулы атағы берілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.