Алтайдан Жамбыл облысына 600 бас МІҚ әкелінді

0 19

Жыл басында 2018-2027 жылдар аралығында етті мал шаруашылығын дамытуға арналған салалық бағдарлама қабылданып, индикативті көрсеткіштері бекітілген болатын. Қазіргі таңда белгіленген межені жүзеге асыруға «АгрофирмаТөріпкен» ЖШС-і өз үлесін қосып келеді. Аталған серіктестік Ресей Федерациясының Алтай өңірінен қазақтың Ақбас тұқымының 600 бас МІҚ малын әкелді. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.

2016 жылдан бері серіктестік тарапынан Ресей Федерациясынан 1 699 бас ет бағытындағы «Қалмақ» тұқымдас асыл тұқымды МІҚ малы әкелінген болатын. Алдағы уақытта серіктестік Ресейден 3 мың бас мүйізді ірі қара малын импорттауды жоспарлап отыр.

Бағдарлама аясында 2018-2024 жылдар аралығында облысқа алыс-жақын шетелдерден 36 мың басқа жуық МІҚ малының аналық басын сатып алу көзделсе, биылғы жылы 1850 бас МІҚ малын алу жоспарланған.

Сондай-ақ, мемлекет тарапынан ет бағытындағы мал шаруашылығын дамытып, болашақта оны экспортқа шығару мәселесі алға қойылды. Қазіргі таңда агро саланы тұрақты қолдаудың арқасында өңірімізде ірі –ірі шаруашылықтар құрылып, осы іспен тұрақты түрде айналысып келеді. Соның бірі — Талас ауданы, «Әден» шаруа қожалығы. Қазір шаруашылықта төрт- түліктің  бәрі бар. Негізгі мақсат, қазақтың кең даласын малға толтырып, ет бағытындағы жұмыстарды жандандыру. Оның үстіне шаруаға  Талас ауданының жері қолайлы, шөбі шұрайлы келеді.

Бұл шаруашылықта жұмыс істейтін азаматтардың барлығы да осы Үшарал ауылының тұрғындары. Олар туған жерінен ешқайда шықпай ақ жұмыс тапқандарына қуанышты. Айлық- жалақылары  да тұрақты. Сонымен қатар, ұжымда бес жылдан артық жұмыс істеген адамға тегін үй салып беру дәстүрі қалыптасқан.

Үшарал ауылында қазір 44 шаруа қожалық бар. Олардың дені мал шаруашылығымен айналысады. Былтырдың өзінде ауыл еңбеккерлері мемлекеттік бағдарлама арқылы  80 млн. теңге несие алған. Биыл да көмек алуға бірнеше шаруашылық өтініш беріп отыр.

Шаруа қожалықтары  малды асылдандыру жұмыстарына да бет бұрып отыр.  Ол үшін Қостанай облысынан ет бағытында өсірілетін қазақтың ақ бас сиырларының тұқымы әкелінген. Болашақта мұнда үлкен мал бордалықау кешенін салу да  жоспарда бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.